22.07.2023
27 жастағы ресейлік шабуылшы Роман Изотов «Ақтөбе» сапына қосылды
27 жастағы ресейлік шабуылшы Роман Изотов "Ақтөбе" сапында Қазақстан чемпионатына қатысады.
Изотов – Тула "Арсеналының" тәрбиеленушісі, оның құрамында 2012 жылдан бастап өнер көрсетті. Арасында мәскеулік "Торпедо" мен "Химик-Арсенал" сапында да алаңға шықты.
Трансфермаркет мәліметі бойынша,Изотовтың құны 300 мың еуроны құрайды, бірақ ол қазақстандық клубқа еркін агент ретінде өтті.
Қазірге таңда "Ақтөбе" Қазақстан премьер-лигасында үшінші сатыда келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан