1 күн бұрын
ӘЧ: Марокко құрамасы Канаданы жеңіп, ширек финалға жолдама алды
Фото: Fifa.com
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Марокко ширек финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Африкалық футболшылар 1/8 финалда жарыс қожайынының бірі - Канадамен шеберлік байқасты.
Ойын барысында марокколық құраманың белсенділігі байқалып тұрды. Соған қарамастан бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде олар қатарынан үш гол соғып кетті. Алдымен марокколық Аззедин Унаи 58, 82-минутта екі мәрте мергендік танытса, 98-минутта Суфьян Рахими қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Марокко қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға берілген алғашқы жолдамаға қол жеткізді.
Енді 5 шілдеде сағат 02:00-де Парагвай - Франция құрамалары жасыл алаңға шығады.
Сондай-ақ 1/8 финалда 6 шілдеде Бразилия - Норвегия, 05:00-де Мексика - Англия, 7 шілдеде 00:00-де Португалия - Испания, 05:00-де АҚШ - Бельгия, 8 шілдеде 01:00-де Швейцария - Колумбия шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында плей-офф сатысынан кейін аргентиналық шабуылшы Лионель Месси жеті голмен сұрмергендер көшін бастап келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан