8 сағат бұрын
Ресми: Зикрилло Сұлтаниязов «Ертіс» сапына қосылды
Фото: «Ертіс» футбол клубы
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы 22 жастағы жартылай қорғаушы Зикрилло Сұлтаниязовпен еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Зикрилло Сұлтаниязов - Шымкент футболының түлегі, кәсіби мансабын 2020 жылы «Ордабасы» жастар құрамында бастап, 2021 жылдың сәуір айында Қазақстан Премьер-лигасында негізгі команда сапында дебют жасады. Сол жылы алғаш рет Қазақстан Кубогы матчында өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасында ойнаған.
Өз мансабында Сұлтаниязов «Ордабасы» сапында Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды (2022), ал 2024 жылы «Оқжетпеспен» бірге Бірінші лиганың алтын жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ «Тұран» клубының намысын қорғады. «Ертіске» ауысқанға дейін соңғы екі маусымда «Ордабасы» сапында өнер көрсетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ертіс» командасының бапкерлік құрамы белгілі болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан