Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

UEFA Әлем чемпионатын қатаң сынға алды

UEFA Әлем чемпионатын қатаң сынға алды

УЕФА АҚШ құрамасы ойыншысына қатысты ФИФА-ның шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұған дейін 2026 жылғы әлем чемпионатында Фоларин Балогунның 2026 FIFA World Cup аясындағы Босния және Герцеговина құрамасына қарсы матчта алған қызыл қағазының күші жойылғаны белгілі болған еді. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл шешімге Ақ үй және АҚШ президенті Дональд Трампнің Джанни Инфантиномен сөйлесуі ықпал еткен.

«Бұл шешім қабылданған шектен асып түсті. Футбол әділ бәсекені қамтамасыз ететін ережелерге сүйенеді. Барлық командалар мен ойыншылардың жеңіске жету мүмкіндігі ашық әрі тең болуы тиіс. Дегенмен кейбір ережелер әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Алайда бұл жағдайда олай емес.

Бір матчқа дисквалификациялау ережеде нақты көрсетілген және оған ешқандай ерекшелік жасалмауы керек. Әсіресе, дәл осы турнир барысында өзге футболшылар да осындай жағдайға тап болғанын ескерсек.

Ойынның тұтастығына оның ережелерін қорғауға тиіс тараптардың өзі оларды сақтамаған кезде қауіп төнеді. Мұндай шешім қауіпті жайтты қалыптастырады. Енді осыған ұқсас барлық жағдайларда дәл осындай көзқарас талап етілетін болады.

Футболды бүкіл әлем жақсы көреді. Өйткені ол бәріне ортақ бірдей ережелермен ойналады. Әлем чемпионаты сияқты ірі турнирдің шешімдері жалпы футболға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сондықтан біз мұндай бұрын-соңды болмаған, түсініксіз әрі еш негізделмеген шешімге сенімсіздік білдіреміз», – делінген УЕФА мәлімдемесінде.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан