Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Бельгияда АҚШ-тың футболшысына қатысты наразылығын білдірді

Бельгияда АҚШ-тың футболшысына қатысты наразылығын білдірді

Бельгиялық саясаткерлер АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунға қатысты қабылданған шешім үшін ФИФА-ны қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бельгия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында АҚШ құрамасына қарсы ойнайды. Турнирде 3 голмен өз командасының үздік сұрмергені атанып отырған Балогун плей-офф кезеңіндегі Босния және Герцеговинаға қарсы алдыңғы матчта өрескел ереже бұзғаны үшін тікелей қызыл қағаз алып, келесі кездесуді дисквалификацияға байланысты өткізіп жіберуі тиіс еді. Алайда ФИФА шабуылшыға салынған жазаны уақытша тоқтатты. Соның арқасында ол Бельгияға қарсы матчқа қатыса алады. Бұған дейін әлемдік футбол ұйымы мұндай шешімді АҚШ үкіметінің өтінішінен кейін қабылдағаны хабарланған болатын.

Оқиғаға байланысты Бельгияның саяси элитасы өкілдерінің ашулы әрі айыптаушы пікірлерін Politico басылымы жариялады.

«Нағыз күш – әділ ойын мен барлық ережені сақтай отырып жеңіске жетуде. Ертең Бельгия дәл осылай әрекет етеді. Біз Бельгияның Корольдік футбол қауымдастығын толық қолдаймыз. Қауымдастық турнирге қатысушылардың заңды құқықтарын және осы әлем чемпионатында футболды реттейтін әділ ойын қағидаттарын қорғау үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатқанын мәлімдеді», – деді Валлонияның спорт министрі, франкотілді либералдық Реформаторлық қозғалыстың өкілі Жаклин Галан.

«Ұят! Ақша бәрін шешетін болса, әлем чемпионаты өз сенімінен айырылады. Ережелерді Трампқа бола өзгерту, жеңіс үшін айла-шарғы жасауға ұмтылу – ФИФА, әлем чемпионаты және Америка Құрама Штаттары үшін өте жиіркенішті көрініс. Ережелер спортта да, өмірде де бәріне бірдей қолданылуы тиіс», – делінген оппозициялық Социалистік партияның мәлімдемесінде.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан