Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

«Астана» футбол клубы еурокубок алдында трансфер жасады

«Астана» футбол клубы еурокубок алдында трансфер жасады

Сербиялық орталық қорғаушы Иван Миладинович «Астана» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Ресми: Иван Миладинович – «Астана» ойыншысы!

Елордалық «Астана» сербиялық қорғаушы Иван Миладиновичпен келісімшартқа отырғанын қуана хабарлайды.

31 жастағы футболшы – Қазақстан Суперкубогының иегері. Кәсіби мансабында ол Сербияның «Ягодина» және «Раднички» (Ниш), Ресейдің «Сочи» және «Пари Нижний Новгород», сондай-ақ Қазақстанның «Тобыл» мен «Елімай» клубтарының намысын қорғаған», – делінген клубтың Instagram парақшасында.

Миладинович 5 шілде күні ресми түрде «Елімай» клубынан кетті. Биылғы маусымда семейлік клуб сапында қорғаушы небәрі төрт матч өткізді. Ол бұған дейін Қостанайдың «Тобыл» клубы құрамында Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған.

Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 500 мың еуроға бағалайды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан