3 сағат бұрын
Роналдо Бразилияның Әлем чемпионатындағы жеңілісінің басты себебін атады
Аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдо Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатынан шығып қалғаннан кейін команданың бас бапкері Карло Анчелоттині сынға алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Карло Анчелотти – футбол тарихындағы ең ұлы бапкерлердің бірі. Алайда бүгін ол өте көп қателік жіберді. Мен әлі күнге дейін неге Жоау Педру әлем чемпионатына қатысатын құрамға қоспағанын түсіне алмаймын. Ол тамаша маусым өткізді, керемет спорттық бабында болды және Бразилияға өзгеше ойын мәнерін ұсына алатын шабуылшы қажет еді», – деді Роналдо.
«Тағы бір сұрақ – Эндрикке қатысты. Ол алаңға шыққан сайын өзінің жігерін, шабуылға деген ұмтылысын және күтпеген әрекеттерін көрсетті. Соған қарамастан, ол әлем чемпионатының басым бөлігін қосалқы құрамда өткізді».
Айта кетейік, жексенбі күні бразилиялықтар 1/8 финалда Норвегиядан 1:2 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов