3 сағат бұрын
Арсен Венгер: Франция Африкадан келген ойыншылардың арқасында күшейіп кетті
Арсен Венгер Франция футболының табысының себептері туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Менің ойымша, біздің жетістігіміздің негізінде сапалы футбол мектебі, көптеген елдерде назардан тыс қалып жататын таланттарды анықтау жүйесі, сондай-ақ Африкадан келген иммиграцияның ықпалы жатыр.
Егер Франция футболының тарихына көз жүгіртсеңіз, оның иммиграциямен тығыз байланысты екенін байқайсыз.
Франциядан шыққан алғашқы «Алтын доп» иегері Раймон Копа поляк ұлтынан болған.
Одан кейін Мишель Платини болды – италиялық иммигранттың ұрпағы. Кейін Зинедин Зидан шықты – алжирлік иммигранттың ұрпағы.
Жан-Пьер Папен иммигрант емес еді. Бірақ кейін Карим Бензема болды – алжирлік иммигранттың ұрпағы, ал қазір Усман Дембеле – африкалық иммигранттың ұрпағы.
Олар Францияға келеді, өйткені бұл елде өз қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік бар екенін сезінеді. Сондай-ақ олар көбіне ерекше жігерлі болады, себебі үздік атану үшін үнемі күресу қажет екенін жақсы түсінеді», – деді Арсен Венгер Тони Кроостың подкастында.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов