Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Юрген Клопп Германия құрамасын баптайтын болды ма?

Юрген Клопп Германия құрамасын баптайтын болды ма?

Германия футбол одағының (DFB) вице-президенті Ханс-Йоахим Ватцке Red Bull компаниясының жаһандық спорт директоры Юрген Клопптың Германия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін екеніне қатысты жүргізіліп жатқан келіссөздер туралы айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Бұл мәселе әлі толық шешілген жоқ. Әлі де кедергілер бар, ең алдымен оның Red Bull-пен жасалған келісімшартына байланысты. Мен бұл мәселеге басқаларға қарағанда сақтықпен қараймын, бірақ ықтималдық 50 пайыздан жоғары деп ойлаймын».

«Клопп – біздің басты таңдауымыз және біз бұл жоспарды жүзеге асырғымыз келеді. Оның қалған мәселелерді шешуге дайын болуы – үлкен артықшылық. Әрине, біздің қаржылық мүмкіндіктеріміздің де шегі бар. Юрген бізге аздап «патриоттық жеңілдік» жасайды деп үміттенеміз, тіпті оған өзім сенемін. Мен оның Германияны жақсы көретінін білемін», – деп Ватцкенің сөзін ZDF.de келтіреді.

Бұған дейін Германия футбол қауымдастығы Юрген Клоппты ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне негізгі үміткер ретінде қарастырып жатқаны хабарланған болатын.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан