4 сағат бұрын
Жарақаты бар Лионель Месси Египетке қарсы ойнай ала ма?
Аргентина ұлттық құрамасының бас бапкері Лионель Скалони команда көшбасшысы Лионель Мессидің денсаулық жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол 39 жастағы шабуылшының 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысыр құрамасына қарсы матчқа қатысу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.
«Месси жақсы бабында. Соңғы матчта 39 жасында 120 минут толық ойнағанына қарамастан, ешқандай шағым айтқан жоқ. Тіпті қандай да бір жайсыздық сезінсе де, оны маған айтпас еді. Сондықтан ол Мысырға қарсы кездесуде әдеттегідей алаңға шығады», – деді Скалони баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Аргентина мен Египет арасындағы ойын бүгін 21:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов