Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілерге Чемпиондар лигасының ойыны тапсырылды

Қазақстандық төрешілерге Чемпиондар лигасының ойыны тапсырылды

Еурокубоктардың жаңа маусымының басталуына орай қазақстандық төрешілер УЕФА аясындағы халықаралық матчтарға тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz

Отандық төрешілер бригадасы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі Молдованың «Петрокуб» және Албанияның «Эгнатия» командалары арасындағы кездесуге тағайындалды. Матч 8 шілде күні Кишинев қаласында өтеді.

Кездесудің бас төрешісі Саят Қарабаев болады. Оған қапталдағы төрешілер Дмитрий Белоградов пен Юрий Тихонюк көмектеседі. Қосалқы төреші міндетін Данил Горда атқарса, VAR жүйесіне Айдын Тасыбаев жауап береді.

Айта кетейік, Айдын Тасыбаев УЕФА тарапынан Чемпиондар лигасы матчына VAR төрешісі ретінде тағайындалған алғашқы қазақстандық төреші атанды.

ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру да халықаралық турнирге тағайындалды. Ол Уэльсте өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы Еуропа чемпионатында төрешілер нұсқаушысы қызметін атқарады.

Еске сала кетейік, 3 шілде күні қазақстандық төреші Татьяна Сорокопудова 19 жасқа дейінгі әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіндегі екінші матчын басқарды. Ол Польша мен Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы кездесуде бас төреші қызметін атқарды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан