6 сағат бұрын
Боксшы Аружан Жаңабаева Азия чемпионы атағын қорғай алмады
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада U19 және U23 санаты бойынша Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
U23 санаты бойынша 65 келідегі Аружан Жаңабаева жарыс жолын ширек финалдан бастады.
Отандасымыз Өзбекстан өкілі Севинч Хурамовамен жолығып, жекпе-жек бойы басымдық қос тарапқа ауысып отырды. Нәтижесінде айқастың тағдыры 3-раундта шешіліп, төрешілер 0:5 есебімен қарсыласты жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов