3 сағат бұрын
«Атырау» сапынан тағы бір футболшы кетті
Фото: «Атырау» футбол клубы
«Атырау» футбол клубы мен жартылай қорғаушы Александр Нойок өзара келісім негізінде еңбек шартын тоқтатты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Александрдың алдағы мансабына сәттілік және жаңа жетістіктер тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Өткен маусымда Нойок «Қызылжар» командасында өнер көрсетіп, КПЛ-де 22 ойынға шықты. Сол ойындарда нәтижелі әрекет жасамаған, екі сары және бір қызыл қағаз алған.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Атырау» футбол клубы мен шабуылшы Дмитро Юсов өзара келісім негізінде еңбек шартын тоқтатты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан