17 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері кім болады?
Фото: sportx.kz
Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкерді тағайындауға жақын, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде инсайдерлік ақпарат көздерінен белгілі болды. Қазақстан футбол федерациясы бұл мақсатта шетелдік маманмен келіссөз жүргізіп келеді. Оның есімі жақын бір-екі күнде белгілі болады.
Басты үміткер ретінде финляндиялық 62 жастағы маман Маркку Канерваның есімі талуда. Ол 2020 жылы Финляндия құрамасын Еуропа чемпионатына алып шықты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан