17 сағат бұрын
«Ұлытаудың» бапкерлік құрамына жаңа маман қосылды
Фото: «Ұлытау» футбол клубы
«Ұлытау» футбол клубы жаттықтырушылар штабына жаңа маманның қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Нурислам Тойшыбек командаға талдаушы-жаттықтырушы ретінде келді.
Ол матчтарды кешенді талдау, қарсыластардың ойын ерекшеліктерін зерттеу, тактикалық дайындықты жетілдіру және ойыншылардың көрсеткіштерін саралау бағытында жұмыс жүргізеді. Заманауи талдау әдістерді қолдана отырып, жаттықтырушылар штабына шешім қабылдауда маңызды ақпарат ұсынады.
Нурислам Тойшыбектің кәсіби тәжірибесі команданың ойын деңгейін көтеруге, әр кездесуге сапалы дайындалуына және алға қойған мақсаттарға жетуіне өз септігін тигізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ұлытау» футбол клубы шабуыл шебін Бақдәулет Зульфикаровпен толықтырды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан