7 сағат бұрын
«Ордабасы» президенті Жасұлан Әмірдің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады
«Ордабасы» клубының президенті Дархан Қызайбаев жас шабуылшы Жасұлан Әмірге Ресей Премьер-лигасының «Балтика» клубы қызығушылық танытқанын растады.
Клуб басшысының айтуынша, Калининград клубы футболшының трансфері бойынша хабарласқанымен, ресми ұсыныс жасамаған. «Ордабасы» басшылығы бірден ойыншының жазда сатылмайтынын жеткізген.
«“Балтика” тарапынан қызығушылық болды. Бірақ біз Жасұланның командада қалатынын және оны осы жазда сатуды жоспарламайтынымызды бірден айттық. Ол – Қазақстандағы ең дарынды жас ойыншылардың бірі, ұлттық құраманың болашағы. Алдымен “Ордабасымен” чемпион атану міндеті тұр. Осы мақсат орындалғаннан кейін ғана ұсыныстарды қарастырамыз. Бірақ Ресейден емес, еурокубоктарға қатысатын Еуропа клубтарынан», – деді Дархан Қызайбаев.
Биылғы маусымда 19 жастағы Жасұлан Әмір «Ордабасы» сапында 19 матч өткізіп, 8 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 500 мың еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан