7 сағат бұрын
«Астана» Еурокубоктағы алғашқы матчын өткізеді
10 шілдеге қараған түні елордалық «Астана» УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді.
Қазақстандық клуб Албанияның «Динамо Сити» командасына қарсы сырт алаңда ойнайды. Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясын «Qazaqstan» телеарнасы көрсетеді. Букмекерлер бұл кездесуде айқын фаворитті атаған жоқ, дегенмен аздаған басымдықты алаң иелеріне беріп отыр.
Қарымта кездесу 16 шілдеде Астанада өтеді.
Еске салсақ, өткен маусымда «Астана» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Молдованың «Зимбру» клубын жарыс жолынан шығарған болатын. Алайда кейінгі кезеңде Швейцарияның «Лозанна» командасына есе жіберіп, еурокубокпен қош айтысты. Ал «Динамо Сити» өткен маусымда Конференция лигасының плей-офф кезеңіне дейін жеткен еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан