4 сағат бұрын
«Манчестер Юнайтед» Эдерсон үшін 45 миллион еуро төлеуге дайын
«Манчестер Юнайтед» клубы «Аталантаның» жартылай қорғаушысы Эдерсонды сапына қосуға бір табан жақын.
Ағылшын клубы трансферді ресми түрде бекітпес бұрын бразилиялық футболшыны толық медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отыр. Егер тексеріс қорытындысы қанағаттанарлық болса, клуб шамамен 45 миллион еуро көлеміндегі келісімді аяқтайды.
Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін манчестерлік клуб барлық қажетті рәсімдерді аяқтап, ойыншының трансферіне қатысты соңғы шешімді қабылдамақ.
Бұған дейін тараптар шамамен 38,8 миллион фунт стерлинг көлеміндегі келісім бойынша ортақ мәмілеге келгені хабарланған болатын. Трансфер жүзеге асса, Эдерсон «Манчестер Юнайтедпен» төрт жылдық келісімшартқа қол қойып, оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігіне ие болады.
Клуб басшылығы үшін ойыншының медициналық тексерістен сәтті өтуі басты талап болып отыр. Олар жаңа футболшының тактикалық тұрғыдан ғана емес, физикалық жағдайының да жоғары деңгейде болуына ерекше мән беруде.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан