2 сағат бұрын
«Манчестер Юнайтед» 100 мың орындық жаңа стадионның жобасын таныстырды
«Манчестер Юнайтед» клубы 100 мың көрерменге арналған жаңа стадионның жобасын жариялады. Сонымен қатар, «Қызыл сойқандар» жаңа аренаның қай жерде орналасатынын көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жобаға сәйкес, жаңа стадион қазіргі «Олд Траффорд» стадионынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 350 метр қашықтықта салынады. Стадион маңында спорт пен ойын-сауыққа арналған жаңа аудан бой көтереді. Бұл жоба шамамен 48 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Стадион құрылысы жөніндегі даму бөлімінің басшысы Коллетт Роштың айтуынша:
«Ұсынылып отырған құрылыс алаңы «Олд Траффордтың» дәл жанында орналасқан. Бұл бізге клубтың тарихи мұрасын, дәстүрін және матч күндері жанкүйерлер үшін ерекше маңызға ие рәсімдерді сақтауға мүмкіндік береді».
Маусым айында «Манчестер Юнайтед» жаңа стадион құрылысы үшін 25 акр жер сатып алды. Жобаның құрылысы 4–5 жылға созылады деп күтілуде, ал жалпы құны шамамен 2 миллиард фунт стерлингті құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов