2 сағат бұрын
Opta суперкомпьютері 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына болжам жасады
Opta Analyst статистикалық порталы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалындағы матчтарға қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Статистикалық деректерге сүйенген суперкомпьютер ширек финалдағы төрт жұптың әрқайсысында фаворит командаларды анықтады.
Келесі кезеңге өту мүмкіндігі ең жоғары команда – Франция құрамасы. Opta олардың жартылай финалға шығу ықтималдығын 74 пайыз деп бағалады. Ал ең тартысты әрі болжауға қиын кездесу Англия мен Норвегия құрамалары арасында өтеді.
Жартылай финалға шығу ықтималдығы:
Франция – 74%, Марокко – 26%
Испания – 70%, Бельгия – 30%
Аргентина – 69%, Швейцария – 31%
Англия – 62%, Норвегия – 38%
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатыр. Әлемнің қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов