1 сағат бұрын
Мысыр футбол федерациясы Аргентинамен өткен матчтағы төрешілікке ашық наразылығын білдірді
Мысыр футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина құрамасына қарсы өткен матчтағы (2:3) төрешілер жұмысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудің бас төрешісі француз маманы Франсуа Летексье болды.
«Мысыр футбол федерациясы Аргентинаға қарсы матч барысында қабылданған төрешілер шешімдері мен VAR жүйесінің дұрыс қолданылмауына қатысты үнсіз қала алмайды. Ойынның бірнеше шешуші сәті елеулі алаңдаушылық туғызды және қабылданған шешімдердің бірізділігі мен әділдігіне қатысты маңызды сұрақтар тудырды. Бұл шешімдер матчтың өту барысына тікелей әсер етті.
Матч барысында болған оқиғалар біздің ойыншыларымыздың, бапкерлер штабының және жанкүйерлеріміздің үлкен наразылығын туғызды. Олар әлемдік футболдың ең беделді додасында төрешіліктің ең жоғары деңгейде болуын күтті. Мысыр құрамасының жейдесін киген әрбір ойыншы мен команданы қолдайтын әрбір жанкүйер әділдікке, құрметке және ойын ережелерінің барлығына бірдей қолданылуына лайық», – делінген Мысыр футбол федерациясының ESPN басылымы келтірген мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Мысыр құрамасы Аргентинамен өткен ойында 2 доп басымдығымен алда тұрса да, соңғы минуттарда қақпасына 3 гол өткізіп алған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов