5 сағат бұрын
Норвегия құрамасы әлем чемпионатында қонақ үйін ауыстыруға мәжбүр болды
Норвегия ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалы қарсаңында АҚШ-тың Майами қаласындағы тұратын қонақүйін ауыстыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Норвегия мен Англия арасындағы ширек финалдық кездесу 12 шілдеге қараған түні АҚШ-тың Майами қаласындағы «Хард Рок» стадионында өтеді.
Норвегиялық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, команда ФИФА-дан өздеріне басқа қонақ үй ұсынуды талап еткен. Бұған бастапқыда орналастырылған «Далмар» қонақүйінің маңындағы құрылыс жұмыстары салдарынан туындаған қатты шу себеп болған. Сонымен қатар, бұл қонақүй жағажайдан да тым алыс орналасқан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов