Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

«Елімай» еурокубоктағы тұңғыш голын соқты

«Елімай» еурокубоктағы тұңғыш голын соқты

Фото: «Елімай» футбол клубы

Қазақстандық «Елімай» (Семей) командасы бүгін UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде «Алашкерт» (Армения) командасымен кездесуде еурокубоктағы тұңғыш голын соқты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дәл қазір өтіп жатқан ойынның 60-минутында семейлік клубтан Арсен Әшірбек қарсыласын қапы қалдырды. Бұл - семейлік клубтың еуроокубок ойындарыдағы тұңғыш голы.

Айта кетсек, бүгін 00:00-де елордалық «Астана» Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Албанияның «Динамо Сити» командасымен кездеседі.

Сондай-ақ қостанайлық клуб Конфренция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Қарсыласы - Литваның «Паневежис» клубы.

Ал бұдан бұрын алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы 2026/27 маусымының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен жеңді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан