Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Мбаппе феномені: Франция қатарынан үшінші Әлем кубогында жартылай финалға шықты

Мбаппе феномені: Франция қатарынан үшінші Әлем кубогында жартылай финалға шықты

2026 жылғы футболдан Әлем кубогында Франция құрамасы тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz

Франция құрамасы қатарынан үшінші мундиальда жартылай финалға жолдама алып, әлем футболындағы ең тұрақты құрамалардың бірі екенін дәлелдеді.

Дидье Дешам шәкірттерінің соңғы үш әлем чемпионатындағы көрсеткіші таңдай қақтырады:

2018 жыл – Әлем чемпионы;

2022 жыл – күміс жүлдегер;

2026 жыл – жартылай финал.

Әлем чемпионаттарының тарихына көз жүгіртсек, мұндай тұрақтылық кез келген құраманың маңдайына бұйыра бермейді. Бұған дейін қатарынан бірнеше рет жартылай финалға шыққан командалардың қатарында негізінен Германия мен Бразилия секілді футбол алпауыттары ғана болған.

Бұл тұрғыда Франция құрамасы жаңа буынның көшбасшы командасына айналып келеді. Ал бұл жетістіктің басты символы – Килиан Мбаппе.

27 жастағы шабуылшы кезекті әлем чемпионатында да өз мәртебесін дәлелдеп жатыр. Франция құрамасы турнир барысында 18 гол соқса, соның 8-і Мбаппенің еншісінде. Яғни команданың нәтижелілігінің жартысына жуығы оның үлесіне тиіп отыр.

Бұл көрсеткіш оның 2022 жылғы әлем чемпионатындағы нәтижесін еске салады. Катардағы мундиальда да Мбаппе 8 гол соғып, үздік сұрмерген атанған болатын.

Осылайша француз жұлдызы қатарынан екі әлем чемпионатында сегіз голдық межені бағындырды. Бұл – қазіргі футболдағы сирек кездесетін құбылыс.

Роналдодан кейінгі ерекше жетістік

Әлем чемпионаттарының тарихында бір турнирде сегіз немесе одан көп гол соғу әр футболшының қолынан келе бермейді. 2002 жылғы мундиальда бразилиялық аңыз Роналдо 8 мәрте мергендік танытқаннан кейін мұндай нәтижеге ешкім қол жеткізе алмаған еді.

Ал Мбаппе бұл көрсеткішті бір рет емес, екі әлем чемпионатында қатарынан қайталап отыр. Бұл оның тек қазіргі заманның емес, әлем чемпионаттары тарихындағы ең ықпалды шабуылшылардың біріне айналып келе жатқанын көрсетеді.

Франция жартылай финалға шықты. Мбаппе тағы да гол соғып жатыр. Ал енді басты сұрақ – бұл жолы француздар әлем чемпионы атағын қайтарып ала ала ма?


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан