6 сағат бұрын
Ламин Ямаль: Менің әлем чемпионатындағы ең үздік ойыным әлі алда
Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль 2026 жылғы әлем чемпионатында өзінің ең үздік футболын әлі көрсетпегеніне сенімді. Бұл туралы Sport12.kz The Touchline басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
18 жастағы футболшының айтуынша, плей-офф кезеңі алға жылжыған сайын өз ойынына деген сенімі артып келеді. Сондықтан ол турнирдегі ең жарқын матчын жақын арада өткізетініне сенеді.
«Финал жақындаған сайын ойыным жақсара түседі. Мен ешқашан топтық кезеңде ең жоғары деңгейімді көрсететін футболшы болған емеспін.
Әлем чемпионатына дейін екі ай бойы алаңға шыққан жоқпын. Мұндай үзілістен кейін қайта қалыпқа келу оңай емес. Маған тұрақты түрде ойнап, допты сезініп, ойын ырғағына ену қажет. Бұл әлем чемпионатындағы менің ең үздік матчым әлі алда», – деді Ямаль.
Еске салайық, 10 шілдеде Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Бельгиямен кездеседі. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов