Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Бельгия құрамасы әлем чемпионатында күтпеген жайтқа тап болды

Бельгия құрамасы әлем чемпионатында күтпеген жайтқа тап болды

Бельгия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалы қарсаңында кадрлық мәселеге тап болды. Команданың негізгі қорғаушыларының бірі Зено Дебаст Испанияға қарсы матчқа қатыса алмайды. Бұл туралы Sport12.kz хабарлайды.

Бельгия Корольдік футбол қауымдастығының мәліметінше, мұндай шешімге футболшының клубы – Лиссабонның «Спортингі» себеп болған. Португалиялық клуб мамандары Дебастың мамыр айында алған сан жарақатынан толық айықпағанын алға тартып, оның ойынға қатысуына қарсы шыққан.

Федерацияның ресми мәлімдемесінде:

«Зено Дебаст ширек финалдық матчқа қатыса алмайды. Оның клубы – "Спортинг" футболшының медициналық тұрғыдан ойынға дайын емес екенін хабарлады. Бұл қорытынды Бельгия құрамасының медициналық штабының, сондай-ақ ФИФА-ның медициналық және сақтандыру қызметтерінің бағалауымен сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта Зено ұлттық құраманың дәрігерлерінің бақылауымен жеке бағдарлама бойынша жаттығып жатыр», – делінген.

Айта кетейік, Дебаст жарақатына байланысты әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық кездесуді өткізіп алған болатын. Сол кезеңде бельгиялықтар Мысырмен (1:1) және Иранмен (0:0) тең түсіп, Жаңа Зеландияны 5:1 есебімен ойсырата жеңді.

Қорғаушы 1/16 финалда Сенегалға қарсы кездесуге де қатысқан жоқ. Ол АҚШ-қа қарсы өткен 1/8 финал алдында ғана команда құрамына қайта қосылды. Сол матчта Бельгия турнир қожайындарын 4:1 есебімен сенімді жеңіп, ширек финалға жолдама алған еді.

Енді Испаниямен өтетін шешуші кездесуде Дебастың жоқтығы Бельгияның қорғаныс шебіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан