Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Отандық киберфутболшылар Еуропа чемпионатына жолдама алды

Отандық киберфутболшылар Еуропа чемпионатына жолдама алды

Қазақстан eFootball Mobile бойынша ұлттық құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, FIFAe Continental Championship Europe – Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz

Беделді FIFAe eNations League халықаралық турнирінде отандық команда Еуропаның ең үздік сегіз құрамасының қатарына енді.

Тартысты өткен матчтар барысында қазақстандық киберфутболшылар Португалия, Хорватия, Грекия, Босния және Герцеговина, Литва мен Швейцария құрамаларын жеңіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 5-6 қыркүйек күндері Португалияда өтеді. Аталған турнирде жүлделермен қатар әлем чемпионатына жолдама беретін екі лицензия сарапқа салынады.

Бұл жетістік – жүйелі жұмыстың нәтижесі. Биылғы қаңтар айында ҚФФ президенті Марат Омаровтың бастамасымен Қазақстанда киберфутболды дамыту бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның маңызды кезеңдерінің бірі – EA Sports компаниясымен келісім жасалып, Қазақстан тарихындағы алғашқы eKPL турнирінің ұйымдастырылды.

Бағдарлама өз нәтижесін ұлттық құрама деңгейінде ғана емес, жеке жарыстарда да көрсетіп келеді. Қазақстан тарихындағы алғашқы eKPL турнирінің жеңімпазы, қарағандылық «Шахтер» клубының өкілі Данияр DAN1K Шарабадин Манчестерде өткен eChampions League турнирінде сәтті өнер көрсетті. Ол қазақстандық клуб атынан осы беделді еуропалық турнирге қатысқан алғашқы ойыншы атанып, Еуропаның ең үздік 30 ойыншысының қатарына енді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан