Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

«Қайсар» сырт алаңдағы ойынға автобуспен баруға мәжбүр болды

«Қайсар» сырт алаңдағы ойынға автобуспен баруға мәжбүр болды

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясындағы «Ұлытауға» қарсы сырт алаңдағы матчқа автобуспен аттанды, деп хабарлайды AmanVIBE.

Бастапқы жоспар бойынша команда Жезқазғанға Астанадан ұшақпен жетуі тиіс болған. Алайда қала әуежайы техникалық себептерге байланысты әуе кемелерін қабылдай алмағандықтан, матч сенбіден жексенбіге ауыстырылды.

Осыған байланысты клуб автобус жалдап, команда шамамен 12 сағаттық жолға шықты.

«Ұлытау» мен «Қайсар» арасындағы кездесу 12 шілде күні сағат 18:00-де басталады.

16 турдан кейін «Қайсар» 18 ұпаймен турнир кестесінде 11-орында тұр. Ал «Ұлытау» 23 ұпай жинап, 7-сатыда орналасқан.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан