7 сағат бұрын
Сербиялық қорғаушы Марко Евтич «Ертіс» сапына қосылды
Павлодардың «Ертіс» футбол клубы сербиялық қорғаушы Марко Евтичпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.
30 жастағы футболшы Белград футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабында Сербияның «Явор», «Мачва» және ИМТ клубтарының намысын қорғап, ел чемпионаты мен Кубогында 200-ден астам матч өткізген.
Марко Евтичтің соңғы клубы Белградтың ИМТ командасы болды. Ол бұл ұжымда 2024 жылдың жазынан бері өнер көрсетті. Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 400 мың еуроға бағалайды.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 16 турында «Ертіс» 11 ұпаймен турнир кестесінің соңғы орнында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан