5 сағат бұрын
Сауд Арабиясының клубы Рафиньяға өте қомақты ақша ұсынды
«Әл-Хиләл» клубы «Барселонаның» шабуылшысы Рафинья Диасты өз қатарына қосуға әлі де мүдделі, деп хабарлайды Sport12.kz
29 жастағы бразилиялық футболшы саудиялық клуб үшін басты трансферлік мақсаттардың бірі саналады. «Әл-Хиләл» оның трансфері үшін 80 миллион еуро төлеуге дайын. Сондай-ақ клуб вингерге «Барселонада» алып жүрген жалақысынан төрт есе көп еңбекақы ұсынуға әзір.
Рафиньяның испаниялық клубпен жасалған келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды. Әзірге шабуылшы клубын ауыстыруды жоспарлап отырған жоқ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов