3 сағат бұрын
Соңғы минуттағы автогол «Ертіс» - «Жеңіс» ойынының жеңімпазын анықтады
Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында астаналық «Жеңісті» қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудің басында алаң иелері шабуылға ден қойып, бірнеше қауіпті соққы жасады. Бірінші таймның ортасынан бастап қақпашы Мирас Рихард командасын бірнеше мәрте голдан құтқарып қалды. Екінші таймда да ойын өрнегі қайталанды. Тек бұл жолы астаналықтар шабуылға сирек шықты. Дегенмен олар матчтың 90+6-минутында қарсылас қорғаушысының автоголының арқасында жеңіс голын соқты — 0:1.
Осылайша, бес дүркін Қазақстан чемпионы «Ертіс» жеңіссіз сериясын 13 матчқа дейін ұзартты.
Қазақстан Премьер-лигасы, 17-тур
«Ертіс» — «Жеңіс» — 0:1 (0:0)
Гол: Евтич (автогол), 90+6 (0:1).
Бұл нәтижеден кейін «Ертістің» еншісінде 11 ұпай қалып, команда турнир кестесінің соңғы сатысында тұр. Ал «Жеңістің» қоржынында 21 ұпай бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов