3 сағат бұрын
«Алтай» клубы ел чемпионатында екінші мәрте қатарынан жеңіске жетті
Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында өскемендік «Алтайды» қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудің 6-минутында Ибрагим Дадаев пенальтиден есеп ашты. Осыдан кейін алаң иелері ойын тізгінін қолға алып, қысымды күшейткенімен, гол соға алмады. Екінші таймда талдықорғандықтар белсендірек әрекет еткенмен, қауіпті сәттерді көп ұйымдастыра алған жоқ. Нәтижесінде матч «Алтайдың» 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 17-тур
«Жетісу» — «Алтай» — 0:1 (0:1)
Гол: Ибрагим Дадаев, пенальтиден, 6-минут (0:1)
Осы жеңістен кейін «Алтайдың» еншісінде 16 ұпай болып, команда турнир кестесіндегі қауіпті аймақтан шықты. Ал «Жетісу» 18 ұпаймен турнир кестесінің орта тұсында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов