25.07.2023
«Динамо» клубының бас бапкері Игор Бишчан «Астана» туралы айты
Хорватияның «Динамо» клубының бас бапкері Игор Бишчан УЕФА Чемпиондар лигасыныың екінші іріктеу кезеңі аясында «Астанамен» өтетін кездесуге қарсаңында тілшілердің сауалына жауап берді.
«Астананың» Хорватия чемпионатында өнер көрсеткен футболшыларын жақсы білеміз. Қазір Томасов, Чондрич жүр. Қарсылас осал емес. Олар бұған дейін УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Қарымта матч Қазақстанда өтеді. Жол ұзақ. Ол жағы проблема тудырады. Сосын Астананың жасанды алаңы бар. Біз алдын-ала мұндай жағдайларға дайындалып жатырмыз. Әрине, екі команда бірдей жағдайда ойнайды. Бастысы, тыңғылықты дайындалу керек, - дейді Бишчан.
Ол ертеректе Англияның «Ливерпуль» клубында ойнаған. «Динамо» командасын жыл басынан бері жаттықтырып жүр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан