3 күн бұрын
2026 жылғы мундиальдың жартылай финал жұптары анықталды
АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық жұптары толық анықталды.
Қазақстан уақыты бойынша жартылай финал матчтарының кестесі төмендегідей:
15 шілде
- 00:00 — Франция – Испания
16 шілде
- 00:00 — Англия – Аргентина
Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 ұлттық құраманың қатысуымен ұйымдастырылып отыр. Турнирдің финалдық кездесуі Қазақстан уақытымен 20 шілдеге қараған түні өтеді.
Қазіргі әлем чемпионы — Аргентина құрамасы. Оңтүстік америкалықтар 2022 жылғы Катардағы финалда Францияны жеңіп, чемпиондық атақты жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан