Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

25.07.2023

«Астана» бапкері Григорий Бабаян сұхбат берді

«Астана» бапкері Григорий Бабаян сұхбат берді

Тұп нұсқа:Bassport.kz.

«Астана» бапкері Григорий Бабаян УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Загребтегі «Динамомен» кездесу қарсаңында тілшілердің сауалына жауап берді.

– «Атыраумен» матчта қорғаушы Вараздат Ароян жарақат алды. Қазіргі жағдайы қандай?

– Иә, шынымен жарақат алды. Бүгін МРТ түсірді. Енді нәтижесін күтіп отырмыз. Былай жарақаты ауыр емес. Алдағы 5-7 күнде қатарға қосылып қалуы тиіс. 

– Марин Томасов Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу керек деген тапсырма жоқтығын айтты. «Динамо» секілді мықты қарсыласпен ойнар алдында осындай пікір білдіру қаншалықты дұрыс?

– Меніңше, аударма дұрыс болмаған секілді. Алғашында сұрақ басқаша қойылған. Клубтың мақсаты туралы сұралған. Біз қазір Чемпиондар лигасында ойнап жатырмыз. Сондықтан топтық кезеңге шығуға деген үмітімізді әзірге әлі ешкім үзген жоқ. 

– Тбилисидегі «Динамо» және елордадағы «Атыраумен» ойыннан кейін команданың жағдайы қандай? Ертеңгі матчқа дайынсыздар ма?

–Хорватияға ұшу кезінде мәселелер болды. Біз мұнда 5-6 сағатта жетуіміз тиіс еді. Алайда техникалық тоқтаулар болып, 10 сағат ұшып келдік. Сөйтіп, кешегі күнді қайта қалыпқа келуге арнадық. Енді алда бір жаттығу істейміз. Ойыншылар ертеңгі матчқа дайын болуы тиіс.

– «Астана» бұған дейін 2018 жылы «Динамомен» кездескен. Бірақ одан бері көп нәрсе өзгерді ғой…

– Қарсыластың шамы шарқын жақсы білеміз. Олар жыл сайын топтық кезеңге шығып жүр. Қарсылас қарымды. Бұл жұпта «Динамо» Загреб – фаворит. Енді ертең оларға барынша қарсылық білдіруге тырысамыз. 2018 жылғы құрамды салыстырудың мәні жоқ. Ол құрамнан тек ойыншы қалды. 


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан