25.07.2023
Абат Айымбетов: Елге жақсы көңіл күйде қайтамыз деп үміттенеміз
УЕФА Чемпиондар лигасыныың екінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» Хорватияның «Динамо» клубымен кездеседі. Загребтегі алғашқы ойын қарсаңында «Астана» шабуылшысы Абат Айымбетов тілшілердің сауалына жауап берді.
-Сөзсіз, қиын матч күтіп тұр. Алайда біз бәріне дайынбыз. Елге жақсы көңіл күйде қайтамыз деп үміттенеміз.
-Қарсылас туралы айтып өтсең?
- «Динамо» - жыл сайын еурокубокқа тұрақты қатысып жүрген команда. Әр жылы топтық кезеңде ойнайды. Ұлттық құрамасында ойнайтын футболшы көп. Қарымды команда.
-Чондричпен «Динамо» жайлы сұрамадыңдар ма?
-Иә, әңгімелестік. Ол клубқа біраз ақпарат берді. Өзім Загребпен жақсы таныспын. Чондричтен бөлек, Марин Томасов бар. Негізінен қала туралы әңгімелестік. Ал команда туралы онсыз да жақсы білеміз.
-Матчтан не күтесің?
-Барлығын ертеңгі ойын көрсетеді. Біз жақсы дайындалдық.
-Абат, баспасөз беттерінде Астананың мүмкіндігі төмен екенін тілге тиек етіп жатыр. Сен ол туралы не айтасың?
- Біз Динамоны сыйлаймыз. Бірақ, біздің ойымыз өзгеще. Мен өз командама толықтай сенемін. Бірінші Алла, екінші біз. Барынша жанкүйерлерді қуантып, үйге жақсы көңіл-күймен ораламыз деп сенемін.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан