2 сағат бұрын
«Астана» клубы соңғы минутта жеңісті жұлып алды
Қазақстан Премьер-Лигасының 17-туры аясында «Астана» мен «Ақтөбе» командалары кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші таймда Дмитрий Шомко есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алайда үзіліске дейін қонақтар сапынан Гиорги Зария мергендік танытып, таразы басын теңестірді.
Екінші таймда Артур Шушеначев қонақтарды алға шығарды. Дегенмен араға көп уақыт салмай, Иван Башич есепті қайта теңестірді. Ал матчтың қосымша уақытында Станислав Басманов жеңіс голын соғып, елордалықтарға жеңіс сыйлады.
«Ақтөбе» — «Астана» 3:2 (1:1)
Голдар: Шомко, 12 (1:0), Зария, 43 (1:1), Шушеначев, 55 (1:2), Башич, 58 (2:2), Басманов, 90+2 (3:2).
Осы жеңістен кейін «Ақтөбенің» еншісінде 25 ұпай болды. Ал «Астана» 29 ұпаймен турнир кестесінің үшінші орнына көтерілді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов