18 сағат бұрын
«Қызылжар» Демият Сламбековпен қоштасты
Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубы жартылай қорғаушы Демият Сламбековпен қоштасқанын ресми түрде жариялады.
Клубтың хабарлауынша, 29 жастағы футболшымен жасалған келісімшарт тараптардың өзара келісімімен бұзылған.
Сламбеков «Қызылжар» сапына биылғы жылдың қаңтар айында қосылған болатын. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде 14 матчқа қатысып, бір голдың авторы атанды.
Бұған дейін Демият Сламбековтің қызметі бірнеше қазақстандық клубқа ұсынылғаны хабарланған еді. Ықтимал нұсқалардың қатарында «Оқжетпес» болғанымен, көкшетаулық клуб кейін футболшыны қатарға қосудан бас тартты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан