7 сағат бұрын
«Тобыл» Ислам Чесноковқа қатысты қауесетке жауап берді
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Бірқатар БАҚ, Telegram-арналарда және әлеуметтік желілерде Ислам Чесноковтың шотландиялық «Хартс» клубынан ауысуына қатысты ақпарат тарады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде «Тобыл» командасының баспасөз қызметі мәлім етті.
- Таралып жатқан мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдейміз. Өкінішке қарай, көптеген ақпараттық ресурс бұл мәліметтерді жекелеген журналистердің инсайдерлік ақпаратына сүйене отырып жариялады. Танымал Transfermarkt порталы да ойыншы ауысымдары туралы ресми ақпарат бере бермейді. Қазіргі тараған ақпарат бойынша да олар қауесеттер негізінде жариялаған, - деп жазылған хабарламада.
Ислам Чесноковтың трансферінің шарттары клубтар арасындағы келісімге сәйкес қатаң түрде құпия сақталады.
- «Тобыл» футбол клубы БАҚ өкілдерін ақпаратты жарияламас бұрын оның дұрыстығын тексеруге және ресми түсініктеме алу үшін клубтың баспасөз қызметіне жүгінуге шақырады, - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Қазақстан кубогында «Ордабасы» - «Алтай» кездесуіне төрешілер белгіленді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан