5 сағат бұрын
Спорт комментаторы футболдан қай құраманың әлем чемпионы болатынын айтты
Белгілі спорт комментаторы Шалқар Естен 2026 жылғы әлем чемпионатында бас жүлде кімге бұйыратынын айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шалқар Естен доп додасында Франция құрамасы Аргентинадан төрт жыл бұрынғы есесін қайтарады деген ойын білдірді. Төрткүл дүниедегі жанкүйерлер олардың Қатардағы әлем чемпионаты финалында жеңіліс тапқанын жақсы біледі.
- Талай жұлдыздың басын біріктірген бұл құраманың одан бері тәжірибесі де жинақталды. Өз әріптестерін өрге сүйреп жүрген шабуылшы Килиан Мбаппе ол кезде қандай еді? Бүгінде шеберлігін одан әрі шыңдап, тәжірибесін молайта түсті. Оған қоса ұлттық құраманың құрамы біршама жаңарғанын да естен шығара қоймайық. Олардың арасынан Майкл Олисені ерекшелеп айтуға негіз бар. Оны өзім Мбаппемен тең санаймын. Ойынды шебер ұйымдастыра алады. Қажет кезінде тізгінді өз қолында ұстайтын қасиеті бар. Сондықтан франциялық футболшылар финалда Аргентина құрамасын жеңіп кетеді деген ойым бар. Әрине, оған дейін қос құраманы жартылай финалдағы қиын ойындар күтіп тұр. Сол себепті әлем чемпионатының қалған бөлігі өте қызықты өтетініне ешбір шүбәм жоқ, - дейді Ш.Естен.
Әлем чемпионаты 19 шілдеде мәресіне жетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Жорже Жезуш бас бапкер ретінде Криштиану Роналдуді Португалия құрамасына шақыру жөнінде пікірін білдірді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан