Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

16 сағат бұрын

«Ертіс» Данила Нечаевпен келісімшартты бұзды

«Ертіс» Данила Нечаевпен келісімшартты бұзды

Павлодардың «Ертіс» клубы Беларусь құрамасының қорғаушысы Данила Нечаевпен келісімшартты өзара келісім негізінде бұзды.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 жастағы футболшы командадан еркін агент мәртебесінде кетті.

Нечаев «Ертіс» сапына 2026 жылдың басында қосылған болатын. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирде 17 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.

Беларусьтік қорғаушы Могилевтің «Днепр» клубының түлегі. Бұған дейін ол «Лида», «Дняпро», «Белшина», БАТЭ және «Торпедо-БелАЗ» командаларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Беларусь ұлттық құрамасы сапында 9 матчқа қатысқан.


Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 17 турында «Ертіс» 11 ұпаймен турнир кестесінің 16-орнында тұр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан