3 сағат бұрын
Юри Тилеманстің «Манчестер Юнайтедте» қанша жыл ойнайтыны белгілі болды
Фото: «Манчестер Юнайтед» футбол клубы
Бельгиялық Юри Тилеманс Англияның «Манчестер Юнайтед» командасына ресми түрде ауысты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі жария етті.
Жартылай қорғаушы жаңа клубтың құрамында 2031 жылдың маусым айына дейін ойын көрсете алады.
Юри Тилеманс Бельгия ұлттық құрамасы сапында 90 кездесуге қатысып үлгерді. Олар 2026 жылғы әлем чемпионатында ширек финалға дейін жетті.
Өткен маусымда бельгиялық футболшы Англияның «Астон Вилла» командасы құрамында жеті нәтижелі пас шығарып берді. Сондай-ақ ол англиялық клубпен бірге UEFA Еуропа лигасын жеңіп алды. Финалда жартылай қорғаушы Германияның «Фрайбург» командасы қақпасына бірінші голды салды.
Юри Тилеманс 1997 жылы 7 мамырда дүниеге келген. 2013 жылдан бері Бельгияның «Андерлехт», Францияның «Монако», Анлияның «Лестер Сити», «Астон Вилла» клубтарында доп тепті.
Бельгия құрамасы сапында 2016 жылдан бері ойын көрсетіп, 90 кездесуде 15 мәрте гол соқты.
Еске салсақ, бұдан бұрын FIFA әлем чемпионатының жаңа ресми добын ұсынды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан