17 сағат бұрын
Атырау» сербиялық шабуылшымен келісімшартқа қол қойды
«Атырау» сербиялық шабуылшы Джордже Пантеличтің клуб сапына қосылғанын ресми түрде жариялады. Ол жаңа командасында №90 жейдемен өнер көрсетеді.
Пантелич кәсіби мансабында Сербияның «Войводина» және «Инджия» клубтарында, сондай-ақ Босния және Герцеговинаның «Радник» (Биелина), «Вележ» және «Тузла Сити» командаларында ойнаған.

Шабуылшы мансабының негізгі бөлігін Босния және Герцеговина Премьер-лигасында өткізіп, 141 матчта 29 гол соғып, 19 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар Сербия Суперлигасында 19 матчқа қатысып, УЕФА Конференция лигасында 2 ойын өткізген.
Осылайша, Джордже Пантелич енді «Атырау» сапында өнер көрсетеді. Клуб жаңа ойыншыға сәттілік тіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан