25.07.2023
Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды
Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz ҚР футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
М.Кембілов бапкерлік мансабын 2005 жылы бастады. «Ордабасы U-16», «Академия Оңтүстік», «Тұран Ж», «Яссы» сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда «БИІК-Шымкент» қыздар командасының бас бапкері міндетін қатар атқарады. Бұған дейін бұл қызметте ресейлік маман Александр Семенов болған еді.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша отандық команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды. Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Диана Юлдашева