5 сағат бұрын
Майкл Олисенің қай клубқа ауысқысы келетіні белгілі болды
«Баварияның» вингері Майкл Олисе осы жазда мадридтік «Реалға» ауысқысы келеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Дереккөздің мәліметінше, 2029 жылдың маусымына дейін «Бавариямен» келісімшарты бар француз футболшысы «Реалды» мансабын жаңа деңгейге көтеріп, кәсіби тұрғыда одан әрі дамуға ең қолайлы клуб деп санайды.
Мадридтік клуб ойыншының бұл ниетін жақсы біледі және қажет болған жағдайда клуб тарихындағы ең қымбат трансферді жүзеге асыруға дайын.
Өз кезегінде Майкл Олисемен келісімшартты ұзартуды көздеп отырған «Бавария» ерекше ұсыныс түссе, футболшының кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты мюнхендік клуб оның орнын баса алатын бірнеше ойыншымен байланыс орнатқан.
Мәліметке сәйкес, Германия чемпионы Франция құрамасының ойыншысы үшін кемінде 200 миллион еуро талап етеді.
Өткен маусымда 24 жастағы Майкл Олисе «Бавария» сапында 52 матч өткізіп, 22 гол соғып, 31 нәтижелі пас авторы атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов