5 сағат бұрын
«Динамо Сити» клубының бас бапкері: «Астанаға» қарсы ойнау қиын болады
Албаниялық «Динамо Сити» клубының бас бапкері Илир Дая Конференциялар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі «Астанаға» қарсы қарымта матч алдында өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz
«Бұл да алғашқы кездесу секілді оңай болмайтын ойын. Бірінші матчтағы жеңістің арқасында «Астана» белгілі бір басымдыққа ие болды, сондықтан алдағы кездесу біз үшін одан сайын күрделене түсті. Дегенмен дәл осындай қиын сәттерде алға қойған мақсатқа жетудің орны бөлек.
Екі жыл бұрын «Балкани» клубын жаттықтырған кезде Қазақстандағы қонақжайлықты сезіндім. Қазіргі бапкерлер штабының жетекшілігімен «Астана» жүйелі ойыны қалыптасқан командаға айналды. Сондықтан оларға қарсы ойнау бір жағынан қызық болса, екінші жағынан өте қиын», – деді Дая матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, Албанияда өткен алғашқы кездесуде «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қарымта матч 16 шілде күні «Астана Аренада» өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов