4 сағат бұрын
Лионель Скалони: Аргентинаны нашар ойнап жатыр деп айта алмаймын
Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони командаға айтылып жатқан сынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Команда жұрт айтып жүргендей нашар ойнап жатқан жоқ. Егер біз осы кезеңге дейін жеткен болсақ, демек, бір нәрсені дұрыс жасадық. Мен ойыншыларыма ризамын. Олар бізге үш бірдей жүлде әкелді. Енді әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жеткізді. Біз жеңіске бір-ақ қадам қалдық және сол мақсатқа жету үшін бар күшімізді саламыз», — деді Скалони.
Оңтүстік америкалықтар 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасымен кездеседі. Матч бүгін, Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов