4 сағат бұрын
Футболдан Әлем чемпионатының жаңа фавориті белгілі болды
Opta суперкомпьютері Франция құрамасы турнирден шыққаннан кейін Испанияны 2026 жылғы әлем чемпионатының басты фавориті деп бағалады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бастапқыда чемпиондыққа негізгі үміткер Франция құрамасы болған еді. Алайда жартылай финалда олар Испаниядан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Осыдан кейін фавориттер тізімінің көшіне Испания шықты. Суперкомпьютер олардың әлем чемпионы атану мүмкіндігін 55,59% деп бағалап отыр.
Финалда Испания Англия мен Аргентина арасындағы жартылай финалдың жеңімпазымен кездеседі. Opta есебі бойынша, Англия құрамасының чемпион атану мүмкіндігі 23,32%, ал Аргентина құрамасының мүмкіндігі 21,09%.
Англия – Аргентина кездесуі 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов