3 сағат бұрын
«Ордабасы» клубы Қазақстан кубогының финалына бір қадам жақын қалды
Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қазақстан кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчта өз алаңында Өскеменнің «Алтай» командасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матчтың бірінші таймында Берн Йонсен Лео Нательге нәтижелі пас шығарып, есеп ашуға көмектесті. Кейін өзі де гол соғып, алаң иелерінің басымдығын арттырды.
Екінші таймда Нательдің пасынан кейін Ги-Марселин Килама мергендік танытты. Кездесудің соңғы нүктесін Дмитрий Подстрелов қойып, қонақтардың жалғыз голын соқты — 3:1.
«Ордабасы» – «Алтай» 3:1 (2:0)
Голдар: Лео Натель, 22-минут (1:0), Берн Йонсен, 38-минут (2:0), Ги-Марселин Килама, 53-минут (3:0), Дмитрий Подстрелов, 90+1-минут (3:1).
Командалар арасындағы қарымта кездесу 19 тамызда өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов