Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Аргентина құрамасы Әлем чемпионатында тағы да камбэк жасап кетті

Аргентина құрамасы Әлем чемпионатында тағы да камбэк жасап кетті

Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші финалисі атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жартылай финалда Лионель Скалони шәкірттері Англия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ – 0:0. Екінші таймның 55-минутында Энтони Гордон оң қапталдан жасалған пасты сәтті аяқтап, Англияны алға шығарды.

Алайда матчтың соңғы минуттарында аргентиналықтар камбэк жасады. 85-минутта Лионель Мессидің пасынан кейін Энцо Фернандес айып алаңының сыртынан жойқын соққы жасап, таразы басын теңестірді.

Жеңіс голы қосымша уақытта соғылды. 90+2-минутта Месси оң қапталдан дәл пас асырып, Лаутаро Мартинес әуедегі доп үшін таласта басым түсіп, баспен Джордан Пикфорд қорғаған қақпаға дәл соққы бағыттады.

Осылайша, Аргентина 2:1 есебімен жеңіске жетіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына шықты. Шешуші кездесуде олар Испания құрамасымен кездеседі. Ал Англия құрамасы қола жүлде үшін өтетін матчта Франциямен ойнайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан